Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу

Барлығын жаю | Барлығын жию

Ұялы құрылғыларды басқаруды үшін Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу керек. Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберінде Ұялы құрылғыларды басқаруды қоспасаңыз, мұны кейінірек жасай аласыз. Ұялы құрылғыларды басқару үшін лицензия керек.

Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу тек негізгі Басқару серверінде ғана қолжетімді.

Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын таңдаңыз.
  2. Қалтаның жұмыс аймағындағы Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу түймесі арқылы тапсырманы жасау шеберін іске қосыңыз. Бұл түйме, бұған дейін Ұялы құрылғыларды басқару қоспаған болсаңыз ғана қолжетімді.

    Басқару серверін жылдам іске қосу шеберінің Қосымша құрамдастар терезесі көрсетіледі.

  3. Ұялы құрылғыларды басқару үшін Ұялы құрылғыларды басқаруды қосу тармағын таңдаңыз.
  4. Бағдарламаны белсендіру әдісін таңдау терезесінде кілт файлы немесе белсендіру коды арқылы бағдарламаны белсендіріңіз.

    Ұялы құрылғыларды басқару мүмкіндігін белсендірмейінше, Ұялы құрылғыларды басқару қолжетімді болмайды.

  5. Интернетке қосылу үшін прокси-серверді пайдаланғыңыз келсе, Прокси-сервердің интернет желісін пайдалану рұқсатын алу параметрлері бетінде Прокси-серверді пайдалану жалаушасын қойыңыз. Жалауша қойылса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылу параметрлерін конфигурациялаңыз.
  6. Плагиндердің және орнату пакеттерінің жаңартуларын тексеру бетінде келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
    • Плагиндердің және орнату пакеттерінің жаңартылғанын тексеру
    • Тексеруді өткізіп жіберу

      Плагиндердің өзектілігін тексеруді өткізіп жіберу бағдарламаның дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

  7. Плагиндердің қолжетімді соңғы нұсқалары терезесінде плагиндердің қажетті тілдегі соңғы нұсқаларын жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Плагинді жаңарту үшін лицензия қажет емес.

    Плагиндер мен пакеттерді орнатқаннан кейін, бағдарлама ұялы құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық қажетті плагиндердің орнатылғанын тексереді. Плагиндердің ескірген нұсқалары табылса, шебер ескірген нұсқалардың орнына өзекті нұсқаларды жүктеуді ұсынады.

  8. Ұялы құрылғыларды қосу параметрлері бетінде Басқару серверінің порттарын конфигурациялаңыз.

Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін келесі өзгерістер орындалады:

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу